Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады
Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Мәжіліс «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша» заңды екінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Құжатта арендалық баспаналарды жекешелендіру құқығы мен кезектен тыс және ақысыз үй алуға хақылы азаматтардың санаты өзгерген. Сондай-ақ елімізде «Отбасы банкі» ұлттық даму институты құрылмақ. «Ондағы мақсат баспана кезегінде тұрған 650 мың адамның деректерін анықтап, заң бұзушылықтарға тосқауыл қою және әділ тізім жүргізу дейді»,— депутаттар.
Ұлықбек Тұмашинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Заң қабылданғанда жаңағы тәртіп болады, біріншіден. Енді қазір мынау жергілікті атқарушы органдарда қалатын жағдай тек қана үй салу және сатып алу. Ал бірақ мынау кезекке қою, одан кейін оны беру деген мәселе «Отбасы банкке» ауысады. Жаңағы құрылатын орталыққа.