«Бүгін» бағдарламасының тағы бір кейіпкері күтпеген жерден баспаналы болды
Түркістан облысының тұрғыны Кәмшат Әбділқасымова – төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Айына табатын нәпақасына балаларын асырап отырған оның тұрақты баспанасы да жоқ. Бұған қоса, демікпе дертіне шалдыққан сәбиіне күтім мен ем-дом қажет. Баспана кілті көпбалалы анаға тікелей эфирде табысталды. Жылдар бойы үй жалдап тұрып, біраз қиындық көрген келіншек, көзіне жас алып, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.