Мұнайлы өңір диқандары мал азығын өздері екпек ниетте
Биыл облыс бойынша тұқым себілетін 9523 гектар алқаптың басым бөлігі екпе шөпке берілетін болады. Жалпы биыл мұнайлы өңір диқандары 2100 гектар жерге картоп, 2700 гектарға көкөніс егуді жоспарлаған. Дегенмен соңғы 4 жыл қатарынан келген құрғақшылық өңірдің егіс саласына өзгеріс әкелді. Енді шаруалар мал азығын егуді қолға алмақ. Биыл қыр төскейіне 390 ауыл шаруашылығы құрылымы шықты. Ылғалды үнемдеу мақсатында барлық егістік тамшылатып және жаңбырлатып суаруға негізделген. Биыл осы әдіспен егілетін алқап көлемі тағы 770 гектарға артпақ. Сондай-ақ егіске кеткен шығынды субсидиялауға мемлекеттен 262 млн теңге қаралған.
Тілек Әмірев, ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Мал азықтық дақылдар 3500 гектарға егіледі. Жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Соңғы 3-4 жылда екі еседен жоғары, көлемі өсті. Қазір екі шаруашылық Индерде «АсылАгро» 80 гектарға жоңышқа егуге Түркиядан қондырғы әкеліп отыр. Махамбет ауданында «Жұмағалиева» шаруашылығы егістік көлемін ұлғайтуға бастамашылық жасап отыр. Мал азығын дайындау күрделі екенін білеміз. Сондықтан бұл жұмыстар жалғаса беретін болады.