Риддер қаласындағы өрттен зардап шеккен тұрғындардың құжаттары қалпына келтіріле бастады
Мамандар тұрғындарға қажет анықтамаларды алуға көмектесіп, өтініштерін қабылдап жатыр. Қазіргі таңда 20 адамның жеке бас куәлігі, 2 автокөліктің техникалық паспорты қалпына келтірілді. Тағы да 50-ден аса азамат жаңа құжат алуға өтініш берген. Ал үйсіз-күйсіз қалған отбасыларға баспана салына бастады. Бір қабатты 31 тұрғын үй шағын шаһардың жаңа ауданынан бой көтермек. Өртенген үйлер Президент тапсырмасы бойынша мемлекет есебінен салынады.
Азамат Есемболов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» облыстық филиалының басшысы:
- Бірінші күні біз дәл сол жерде комиссия, ІІМ, ТЖМ бәріміз бірге жұмыс істедік. Қазір телефон арқылы ақпарат алмасып отырмыз. Жұмыс жалғасуда, бірақ көбінің құжатын қолына бердік.