Қостанай облысының бірқатар ауданында шөп тапшы
Басты себеп – аптап ыстық пен қуаңшылық. 30 шілдеде Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, аталған аудандарда қажетті шөп көлемінің 40-55% ғана жиналған. Ал облыстың басқа аумақтарында жағдай жақсырақ. Мысалы, Ұзынкөл ауданы мал азығы қорының 80% дайындап алған. Бірақ мұндағы шаруалардың өзі «қыс қалай болар екен» деген дүдәмал ойда.
Василий Клименко, Шаруа қожалығы директорының орынбасары:
- Біз өзімізге 1500 тонна шөп дайындадық. Оның өзі аздық етіп отыр. Сондықтан мал басын қысқартуға мәжбүр болдық. Шамамен 100 бас ірі қараны союға жібердік. Биылғы жасыл орақ науқаны өте қиынға соқты. 25-30 шақырым қашықтан шөп тасуға тура келді. Шығын шаш етектен.