Хабар телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде құқық қорғау органдарына ерекше өкілеттілік беріледі

Төтенше жағдай кезінде құқық қорғау органдарына заң тұрғысында ерекше өкілеттілік беріледі. Мәселен, тәртіп сақшылары кез келген көлікті тоқтатып тексере алады. Көшеде кетіп бара жатқан адамдардан жеке басын куәландыратын құжатын талап ету құқығына ие.

Тіпті жекеменшік секторлар мен үй-жайларды да тінту құзыреттілігі бар. Бұл іс-әрекеттердің барлығы елдегі жағдайды тұрақтандыру мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Сондықтан ішкі істер органдары қазақстандықтарды бұндай тексерістерге түсіністікпен қарап, тәртіп сақшыларына барынша көмектесуді сұрайды.

Қазіргі таңда елорданы жағалай 6 блокбекет орнатылған. Ережеге сәйкес қаладағы қозғалыс шектеледі. Ал комендаттық сағат кезінде шаһарға кіріп-шығуға тыйым салынады.