ДДСҰ мақұлдаған екпе тапшы
Бұған дейін бір ғана қытайлық sinopharm халыққа қолжетімді болған. Алайда қазір ол жоқтың қасы. Былтыр халықаралық ұйымның тіркеуінен өткен pfizer вакцинасын ақылы негізде алуға болатыны айтылған еді. Алайда оның қашан салына бастайтыны әлі күнге дейін белгісіз. Соның кесірінен қаңтар айында оқуға аттанатын «Болашақ» бағдарламасының студенттері көрші Қырғыз елі мен Өзбекстанға барып, екпе алуға мәжбүр. Мәжілісмендер осындай мәселе көтерді. ҚР Денсаулық сақтау министріне аталған вакциналарды халыққа қолжетімді ету керектігін айтып, депутаттық сауал жолдады.