Елорда тұрғындары экология мәселесіне алаңдаулы
Бірақ түйткіл әлі шешімін тапқан жоқ. Енді тұрғындар көл жойылса, экожүйеге зақым келтірумен шектелмей, заңсыз құрылыстың салдары болашақта «Бесоба» тұрғын үй кешенінің күйін кеше ме деп алаңдайды. Мұнымен қатар елордалықтар қаладағы басқа да жүйесіз құрылыстарға қарсы шықты. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлерді салу кезінде халық пікірі ескерусіз қалады. Уәде етілген мектеп, емхана мен балалар алаңдарының орнына зәулім баспаналар ғана бой көтереді. Салдарынан, білім ошақтары үш ауысымға көшіп, медициналық мекемелер шамадан тыс жүктемемен қызмет көрсетуге мәжбүр.
Талғат Қизаев, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны:
- Құрылыс компаниясының ойы – үлкен 80 қабаттан тұратын бірнеше зәулім үй салу. Қалалық мемлекет жоспары бойынша ол жер телімінде 1,6 гектар жер бойында стационар 4 қабатты және емхана 7 қабатты салынуы тиіс еді. Органдарға хабарласып, заңсыз құрылысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Мемлекеттік органның тексерісінен кейін кодекстің 4 тармағы бұзылғаны анықталды.