«Хабар» Агенттігі мен «Харекет» қорының қолдауымен жалғызбасты ана Гүлдана Қалдыбаеваға баспана кілті табысталды
Мақсат – ел-жұрт болып, көмекке мұқтаж жандарға қолдан келгенше қолдау көрсету, әр отандасымызға жақынымыздай жәрдем жасау. Соның нақты нәтижесі – «Түнгі хабар» бағдарламасы. Жоба ұжымы тікелей эфирде үш ерекше баланы тәрбиелеп отырған батыр анаға жеке баспана құжаты мен демеушілік жасауға әзір жиhaз компаниясы ұсынған сертификатты табыстады.
Гүлдана отандасымыздың үйі құтқа толсын! Осындай игі іс жасап, бастамамызды қолдаған серіктестерімізге алғыс айтамыз! Жақсылық жасап жарысайық! Біздің күшіміз бірлікте!
Еске сала кетейік, «Түнгі Хабар» бағдарламасының басты мақсаты – «Хабар» телеарнасының көрерменіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Жалпы әр бағдарламада белгілі бір тақырып талқыланады. Көзі қырағы көрермен тікелей эфирге қоңырау шалу арқылы немесе Instagram желісі арқылы тақырыпқа үн қосып, бағдарламаға қатыса алады.
Бағдарламаны елімізге белгілі «Өнер қырандары» театрының белді актерлары Мадияр Серікбаев, Жанболат Найзабеков және Нұрболхан Шарапов жүргізеді.
Эксклюзивті сұхбаттар, үздік әзілдер мен жұлдызды қонақтар болатын жаңа бағдарламаны дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:30-да «Хабар» арнасынан тамашалауды ұмытпаңыздар!