Сарапшылар халықтың 66,4% референдумға қатысады деген болжам жасады
Институт директоры Еркін Тұқымовтың мәлімдеуінше, 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілген. Барлық өңірден 1 200 респондент қатысыпты.
Заңға сәйкес, халықтың 50% астамы қатысқан жағдайда референдум өткен болып есептеледі.
Жалпы аталған сауалнаманың нәтижесіне сай, еліміздің 70% азаматтары аталған шараның өтетінінен хабардар. Ал 15,4% референдум өткізу идеясын қолдамайды. Қалған азаматтардың 8% әзірге нақты шешім қабылдамаған.