Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб шымкенттіктермен кездесті
Мәжіліс депутаттары бастаған топ аурухана дәрігерлерімен кездесіп, Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.
Ал республикалық штаб мүшелері науқан кезіндегі дауыс беру тәртібін түсіндірді. Депутаттар Президент пен Парламент өкілеттілігіне қатысты өзгерістерге тоқталып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін оңтайландырудың қалай жүзеге асатынын айтып берді.
Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
- Мемлекет басшысы өзінің кейбір өкілеттіліктерін кейінгі билік тармақтарына бөліп беруді көздеп отыр. Бір ай берілген мерзім Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халыққа түсіндіру және халық тарапынан болған ұсыныстарды ескеруге бағытталған.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қоғамның қалыптасуы Ата Заңымызға байланысты. Референдум азаматтық қоғамды дамытуға, елдің билікке араласуына, елдің жағдайының жақсаруына бастау болатыны сөзсіз.