Қарағанды облысының Нұраталды, Шопа ауылдары маңындағы өрт толық ауыздықталды
«Облыс аумағында әлі де 8 ошақ сөндірліп жатыр. Соның бірі Үміткер ауылы маңындағы 10 гектар алаңда құрғақ шөппен қатар ағаштар да отқа оранған. Елді мекендер мен маңызды нысандарды қорғау бойынша қажетті іс-шаралар жасалған», — дейді өңірдің ТЖД басшысы.
Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:
-Жалпы сегіз табиғи ошақ тіркелді. Оның 4-і табиғи өрт көлемі 50 гектардан астам. Ал 4 дала өрті көлемі 50 гектардан аспайтын. Ошақтардың басындағы күштердің мәліметі бойынша елді мекендердің басында жағдай тұрақты, қауіп жоқ.