Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үй салу үшін Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге бөлінді
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл қаражат 91 үйді салуға жетеді. Әр баспанаға 25 млн теңгеден жұмсалады. Инфрақұрылымға кететін шығын да осы сомаға кіріп отыр. Үй салынатын әр учаскі 10 сотықтан, ал баспананың жалпы аумағы 100 шаршы метр болады.