24 қыркүйектен бастап Петропавлда жылу беріле бастайды
Монополист компания өкілдері:«Биыл ешқандай мәселе туындамайды», — деп сендіріп отыр. Естеріңізде болса, былтыр көктемде жылу электр орталығында түтін мұржасы құлап, апаттан бір адам мерт болған еді. Қазандықты жөндеу жұмыстарына 400-ге жуық адам жұмылдырылған.
Олег Перфилов, жылу электр компаниясының бас директоры:
-Бүгінгі күнге дейін біз екінші түтін мұржасын жөндеп үлгердік. Сондай-ақ қазандықтардың бесеуі қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Сәтін салса, қазан айында тағы төртеуін іске қосатын боламыз. Қазір бізде 10 мердігер компания еңбек етуде. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Біз алдағы науқанға дайынбыз.