Кезектен тыс Президент сайлауына бөлінген қаржының 80% астамы жалақыға жұмсалады
Қаржының бір бөлігі бюллетеньдерді әзірлеу, байланыс, көлік шығындарын жабуға жұмсалады. «Жалпы сайлау науқанына 20,5 млрд теңге бөлінді, оның 16,8 млрд теңгесі осы жалақы мақсатына бағытталады», — деп атап өтті қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Ержан Біржанов, ҚР қаржы вице-министрі:
-Президент сайлауына бөлінетін қаржы сомасы бекітіліп қойған. Үкімет резервінен ақша бөлініп жатыр. Басым бөлігі еңбекақыға жұмсалса, 20,5 млрд теңгесі өзге де әзірлік шығындарын жабады. Ненің қалай жұмсалатын механизмі анықталып, соған сай жұмыс басталып кетті.