Атырауда жылу желілерінің жартысынан көбі тозған
Дегенмен биыл 13 шақырымнан астам жылу желісіне, 800 метр су және 675 шақырым электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін қазынадан 3,2 млрд теңге бөлінген. Облыс жылыту маусымына толық дайын. Медициналық мекемелер мен балабақшаларға жылу беріле бастаған.
Данияр Мүкішев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-15 қазаннан бастап, сынақтарды аяқтап, жылу беруді бастаймыз. Жылу желілерінің тозу деңгейі 50-60% құрайды. «Атырау жылу желілері» мекемесі өздернің инвестициялық жобаларына сәйкес тиісті жұмыстар жүріп отырады.