Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске аспақ
Жоба жоспары бойынша 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы оқу ордалары салынады. Алайда өңірлердегі мектептердің жер учаскелері әлі анықталмаған. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жоспарды іске асыруды тездету қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар оқулықтарды цифрландыруды да жеделдетуді тапсырды. Яғни балалар ауыр сөмкелерден арылу қажет. Тапсырма аясында жауаптылар әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен де қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Жиын соңында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мектептерге жылдамдығы жоғары интернетті жеткізу де тапсырылды.