Отандық кәсіпкерлікті жүйелейтін жаңа реттеу саясаты өз мәресіне жетіп қалды
Олардың айтуынша, заңнамалық актілердегі өзгерістердің негізгі міндеті – кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту. Атап айтқанда, бизнестің 9 саласы қайта қаралды. 28 мыңға жуық талап анықталып, оның 3700-ін түзету немесе жою керектігі ескерілді. Осыған байланысты сарапшылар: «Жаңа реттеуші саясатты енгізу – мемлекеттік бақылау деңгейін төмендетумен қатар оның сапасын арттыруға бағытталған», – дейді.
Ерлан Бұзұрбаев – «Атамекен» ҰКП ТПР енгізу жөніндегі жобалау тобының мүшесі:
- Базалық шарттарға сәйкес келмейтін, ескірген немесе бизнес жүргізуге қиындық туғызатын талаптар анықталып жатыр. Жақын арада мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, заңнаманы жетілдіру үшін іске асырылатын қорытынды ұсыныстар әзірленеді.