Елімізде асыл тұқымды қой мен ешкілердің биоматериалына аукцион ұйымдастырылды
Аукцион Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрме аясында өтті. 20 астам елден 300 жуық компания қатысқан биылғы алаң 20 мың шаршы метр. Онда агросаладағы жаңа техникалардың да тұсауы кесілді. Осылайша ел нарығына Германиялық сауыншы робот таныстырылды. Сондай-ақ бүгін елдегі қант бағасын шектеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осымен 13 ұйымдастырылған көрме 14 қазанға дейін жалғасады.
Шолпан Қожабаева, халықаралық көрме компаниясының директоры:
- Қазақстандық фермер жаңалықтарға, инновацияларға лайық болу керек. Сол деңгейді көтеру үшін биыл біз агроғылымын көрсетіп, акцент қойғымыз келіп отыр. Себебі білімсіз саланы дамыту өте қиын. Мемлекет тарапынан ешқандай қаржы бөлінбейді. Бұл өзін өзі қаржыландыратын жоба.