Хабар телеарнасы

БҚО-да 5 киіктің өлексесі табылды

Ветеринар мамандар арнайы сараптама тағайындап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дала жануарларының неден өлгенін олардың ішкі құрылысынан алынған сынамалар қорытындысы анықтамақ.

Арман Ізімғалиев , облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Жалпы киік жануарлары табиғи өліммен өледі, ондай фактілер бар. Осы орайда облысымызда арнайы іс-қимыл схемасы бар жергілікті атқарушы органдармен жасақталған. Барлық өлген малдар мал моласында өртеліп, жойылып жатады.