БҚО-да автогаз тапшы
Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газбен қатар жанармай да тапшы. Әсіресе шалғайдағы Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарында бензин жетіспей жатыр. Қазір тұрғындар шекара асып, жанар-жағармайды іргедегі Ресей ауылдарынан тасымалдауға мәжбүр.
Облыстық энергетика басқармасының басшылығы бұл қиындықтардың Атырау мұнай өңдеу зауытының 1 қазаннан бастап жөндеуге жабылғанымен байланыстырды. Кәсіпорын 25-ші қазанда қайта іске қосылады.
Жасұлан Басыров, Жәнібек ауданының тұрғыны:
- Бензин жоқ. Төрт күн болды ғой. Проблема шешілуі керек қой. Біз жүре алмай қалдық. Екі-үш күн машиналарды тоқтатып қойдық. Такси қымбаттап кетті. Ресейден әкеліп жатыр, 300 бірдемеден сатып жатыр. Казталовкадан әкеліп, 250 теңгеден сатып жатыр. Ең болмаса газ болмаса да, бензин болуы керек қой.
Мирас Мүлкәй, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Енді ол деген үш-төрт күннің сұрағы. Газ тапшылығы да. Қарасаңыз, күніне 120 тонна беріп жатырмыз. Әрине, кезек бар. Бірақ та ол уақытша жағдай 25-не дейін. 25-не дейін де ол сұрақтар шешіледі