Ашық қоғамға – ашық архив : архившілердің І конгресі басталды
Бұл жайлы арғившілердің бірінші конгресінде айтылды. «Бұл бастама тарихқа жаңа қырынан үңілуге жол ашады»,— дейді АҚШ, Еуродақ, Азия мен ТМД елдерінің мамандары. Себебі зерттеушілер үшін бұған дейін бірқатар дерек қоры жабық болып келген. Тарихты сақтаушылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығының ортақ іс-қимылы тарихымызды тереңірек тануға, сондай-ақ зерттеушілердің жаңа буынының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мәмбет Қойгелді, ҚР ҰҒА академигі, профессор:
- Прибалтика, көрші Өзбекстан, Қырғызстандағы жабық қорлар ашылады ғой деген үмітіміз бар. Осы қорларды ашыңыздар, біздің осы зиялыларымызға ортақ сюжеттерд,і мәселелерді зерттейік дегенмін. Осы тұрғыдан алғанда мұз ериді ғой деген үмітіміз бар.