Жамбыл облысында өткел мәселесі шешілді
Бұған дейін ауылдықтар 2 шақырым жердегі Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолына жету үшін 15 шақырым айналатын. Себебі кесе көлденең жатқан «Луговой-Бішкек» бағытындағы темір жол Қырғызстанның балансында болғандықтан, өткел салу мәселеге айналған. Тұрғындар осы уақытқа дейін жер асты өткелін пайдаланып келген. Ол жермен үлкен көлік пен ауыл шаруашылық техникасы қатынай алмайды. Аудан әкімдігі жұмыс тобын құрып, қырғыз тарапымен келісімге келген. Ал өткелге қажетті құрылғыларды жергілікті кәсіпкер өз қаржысына сатып алып берген.
Қасым Ермекбаев, Жалпақсаз ауылының тұрғыны:
-Арғы біз сайдың астынан өтетінбіз, көпірдің астынан. Ол жерге үлкен көлік сыймайды. Дәрігер келе алмайды. Олар келу үшін Тасшолақ деген келесі ауылмен 12 км айналып келеді. Сол себепті осы жолға қатты мұқтаж болдық.
Бауыржан Есеев, Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:
-Талапқа сай сигналдық құрылғы қою, күзетілетін өткел болу керек деген, белгілерге қатысты мәселелер болған. Ол мәселелерді біз толықтай бір ай көлемінде зерделенді. Келіссөздер қырғыз темір жолы басшысының орынбасары осы жерде болып, келіссөздер жүргізіліп, бір межеге келіп, ол мәселелер толыққанды шешілді.