Ленин шахтасындағы апаттан зардап шеккендерге ота жасалды
Абырой болғанда күрделі ота сәтті өтті. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Олар өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылған. Ал қалған екі кенші таксикология бөлімінде жатыр. «Денсаулықтары жақсарып келеді», - дейді дәрігерлер. Еске салсақ, күні кеше Ленин шахтасында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. Ал 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Ғабит Махамбаев, Нейрохирургия орталығының басшысы:
-Екеуіне де ота жасалды. Екі ота да жақсы өтті. Декомпрессиямен сынған сүйектер мидан алынып, қанды тоқтатып, қазіргі күнде екі науқастың жағдайы қалыпты. Есін біледі. О