ШҚО-да екі тәуліктен бері қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр
Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Құтқарушылар таңертең қар құрсауында қалған 6 туристті жол талғамайтын көлікпен қауіпсіз жерге жеткізді. Тұрғындарға дауылды ескерту туралы хабарлама түскеннен кейін оған немқұрайлы қарамау керектігін ескертеді. Шығыс Қазақстан облысында биыл көктайғақ кезінде шашылатын 7 мың тонна материал дайындалған. Қар тазалауға арналған 440 техника дайын тұр.
Асхат Тәженов, коммуналдық кәсіпорын жетекшісі:
- Қар 19 қараша күні кешкісін 21:45-те жауа бастады. 1,5 тәулік ішінде түскен қардың қалыңдығы 35 сантиметрге дейін жетті. Сол себепті 96 техника мен 100-ден астам маманды шұғыл түрде жұмысқа шығаруға тура келді.