«Соңғы үкім» фильмі Абай облысында түсіріліп жатыр
Түсірілім тобы алаш ардақтысының меценат Әнияр Молдабаевпен кездескен сәтін бейнелеу үшін Семей қаласы мен Бесқарағай ауданын арнайы таңдағанын айтады. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен таспаланып жатыр. Биыл 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Ахмет Байтұрсынұлының рөлін белгілі актер Азамат Сатыбалды сомдайды.
Азамат Сатыбалды, актёр:
- Автор өте әдемі жазған осы сахнаны. Сыбаға деген сахна. Абай Құнанбайұлының анасы Әнияр мен Турағұл арқылы түрмеде жатқан Ахметке сыбаға беріп жібереді. Әнияр қалталы азамат болғаннан кейін пұл төлеп, уақытша түрмеден шығарып алады.
Ерген Тоқмырзин, фильмнің қоюшы режиссёрі:
- Семей Алаш қаласы ғой. Алаш арыстарының өмірі, жастық шағы осы шаһарда өтті ғой. Сондықтан осы жерді таңдадық. Тарихи факті ғой.