Хабар телеарнасы

Абай облысында өндіріс жарақатын алғандар көбейген

Абай облысында соңғы 5 айда 63 адам өндіріс орнында жарақат алып, екеуі қайтыс болған. Жазатайым жағдайлар көбейіп барады. Сондықтан өңірдегі зауыт, фабрика жұмысшыларына арнайы семинар ұйымдастырылып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Денсаулық сақтау саласының мамандары жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетілетінін айтты. Семинар «Семей құрылыс материалдары» зауытында өтті. Биыл көктемде тап осы кәсіпорында ыстық су құбыры жарылып, төрт адам ауыр жарақат алған еді.

Зәуреш Исабаева, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы:

- Таңертең жұмысқа сау кеткен адам, кешке үйіне сау қайтуы керек. Ол, әрине, адамның өзіне де байланысты. Екінші жағынан жұмыс берушінің міндеті. Дұрыс қауіпсіздікті сақтау, техникалық инспектор ол кісілерді үйрету керек.