Жезқазғанда жылу орталығы істен шықты
Осылайша қаланы жылумен қамтып отырған кәсіпорын небары 3 қазандықпен қалды. 90 мыңнан астам халқы бар шаһардың барлық ауданына әзірге жылу беріліп тұр. Дегенмен оның көлемі бекітілген нормадан 10 градусқа дейін төмендеген. Ал жылуэлектр орталығындағы жөндеу жұмыстарына бірнеше бригада жұмылдырылды. Кәсіпорын жекенің меншігінде. Апаттың орын алуына өткен ғасырдың 60-жылдары пайдалануға берілген қазандықтардың әбден тозуы себеп болған. Жауаптылар жөндеу жұмыстарына кемінде 2 күн қажет дейді.
Ерлан Құсайынов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:
- 27 қараша күні №5 қазандық апатты жағдайда жұмысын тоқтатты. Оның орнына іске қосылған №6 қазандық өткен түнгі сағат 2-де істен шықты. Осылайша қазіргі таңда 3 қазандық қана жұмыс істен тұр. Қазандықтардағы апатты жөндеу жұмыстары жалғасуда. №5 қазандықты кешке дейін, ал №6 қазандықты ертең кешке дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.