Таразда көктайғақ салдарынан 180 адам жарақат алды
Ал алты науқас аурухана төсегіне таңылды, жағдайы ауыр. Кеше түнде жауған қар аралас жаңбырдан соң, қала көшелері көк мұзға айналған. Салдарынан бір күннің ішінде 15 жол апаты тіркелді. Коммуналдық кәсіпорындардың 16 арнайы техникасы мен 185 жұмысшы көшелерді тазалап жатыр. Дәрігерлер мұзға тайып жараланғандар арасында егде жастағылар көп екендігін айтты.
Нұржан Әбдірайымов, травматолог:
-Ауыр науқастар да бар. Аяқ, жамбас сүйектері сынып, қолдары сынған. 6 адамдай жарақат бөліміне жатқызылды, ота жасайтын жағдаймен түсіп жатқан адамдар. Әріптестерімізге өте көп күш салуды қажет етіп жатқан жағдай. 3 доктор болып істеп жатырмыз.