Тараздық жүргізушілер сұйытылған газдан таршылық көріп жүр
Шаһар ішіндегі бекеттер сұйық отынды арнайы талонмен ғана сатып жатыр. Ал кейбірінде тіпті газ атымен жоқ. Шаһарды шарлап газ таппаған кей жүргізушілер қала сыртындағы бекеттерге баруға мәжбүр. Бірақ онда да сұйытылған отын түске дейін таусылып кетеді екен. Аймаққа көгілдір отынды Ақтөбе және Петропавлдық компаниялар жеткізеді.
Қадірбек Орынбасар, жүргізуші:
-Талонмен береді, кейбіреуі лимитпен береді. 2000 теңге сондайға. Осы жерде ғана лимитсіз береді. Бар болса, құйып береді. Оның өзі бітеді қазір. 500 литр ма сондай қалды. Қиналып кеттік енді. Кезекте тұрамыз. Тұрғаныма 1,5 сағат болды. Енді келіп жатыр, алдымда бір машина бар. Ал басқа жерде газ мүлде жоқ.