Қостанай облысы жылу жүйесіне қосыла алмай отыр
Бұған жылыту нысанындағы ақау себеп. Жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, жылу үйлерге әлі толық жетпей жатыр. Енді Меңдіқара аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қазандықты орнатқан мердігерді сотқа бермек. Себебі кепілдік мерзімі - бес жыл. Ал мердігер бар кінәні жылумен қамтушы мекемеден көріп, ақауды ретке келтіруден бас тартқан.
Николай Гулаков, аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Сот мердігерді кінәлі деп тапса, оны қара тізімге енгізіп, материалдық шығынды талап етуге құқымыз бар. Бізге тиімсіз болса да, тұрғындарға қайта есептеу жасалады. Қайткенмен біздің шығынды заң бойынша мердігер өтеуі тиіс.
Жалпы облыс бойынша жылумен қамту мекемелеріне айтылар сын көп. Күні кеше Рудный қаласында магистральді су құбыры жарылып, 33 көпқабатты үй жылусыз қалған. Ал өткен аптада Арқалық жылыту энергетикалық орталығында жарылыс болып, қазандықтың төсемі қирап қалды. Қазір екі қалада да жылумен қамтылған.