Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Қостанай облысында қара жол үстінде 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин және Жусалы ауылдарының арасында болған. 59 жастағы көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, екінші жолақтағы темір тұлпармен соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам оқиға орнында мерт болды. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі мен бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.