Алматыдағы мектеп-гимназияның бірінде садақ атудан тегін үйірме ашылды
Қазірдің өзінде ұлттық өнерді үйренуге 60-қа жуық бала жазылып үлгерген. Оған ата-аналары да қатыса алады. Садақ тарту - мергендікке баулыған қазақтың ежелгі ойындарының бірі. Ол көз қырағылығын арттырып, бұлшық еттің дамуына көп ықпалын тигізеді. Мәселен бір жебені ату 40 келі жүк көтергенмен бірдей. Жастар арасында садақ атуға қызығушылық жоғары болғанмен, үйірмелердің айлық бағасы 30-40 мың теңге. Ал оны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Федерация өкілдері: Қолдау болса басқа мектептерде де тегін үйірме ұйымдастыруға дайынбыз, — дейді.
Болат Жанайханұлы, №202 мектеп-гимназия директоры:
- Балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында тек садақ ату ғана емес оның шығу тарихы, оның жасалу жолдары, қандай қашықтықта атқан садақты, кімдер қолданған. Жаугершілік заманда садақтың рөлі қандай деген сияқты үйірмемен қатар жалпы садақ ату өнерінің тарихын да үйрететін боламыз.
Айдар Қасымғазы, садақ федерациясының төрағасы:
- Әлемдік деңгейде жарыстарда 3 нысана бар. Бірінші жамбы ату ата-бабадан қалған. Қазір жамбы әлемдік жарыста өз патентін алып атылып жүр. Сосын 70 метрден ату фетих қырғыз нысанасы бар. Әртүрлі қашықтығы бар. Солар бойынша дайындаламыз.