Екібастұздағы 1300 бала жақында сауықтыру орталықтарына жолдама алады
Айтуынша, қазір екібастұздықтарға жан-жақты көмек керек. Әсіресе мектеп оқушыларына қолдау көрсету маңызды. Сондай-ақ жылудың жоқтығынан зиян шеккен баспаналарға да жөндеу жүргізілетінін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін партия ұжымы волонтерлардың көмегімен Екібастұз халқына гуманитарлық көмек жеткізген болатын.
Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
-Зардап шеккен отбасылардың балаларына қолдау көрсетуді қазір қолымызға алып жатырмыз. Ол үшін мектеп жасындағы 1 мыңнан аса сол Екібастұздағы балаларды республикамыздағы әр түрлі демалыс үйлеріне, санаторийларға жіберіп, осы қысқы каникулда сонда демалуын ұйымдастырып жатырмыз.