Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.