Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқау мәресіне жетті
«Үздік ток шоу», «Үздік шығарма», «Үздік репортаж», «Үздік арнау» аталымдары бойынша 24 оқушы марапатталды. Бүгін — Бейсен Абайұлының туған күні. Көзі тірі болғанда танымал тележүргізуші 51 жасқа толар еді. Телевизия саласында өзіндік із қалдырған майталман журналист «Хабар» арнасында еңбек етіп, алыс жақын шетелден ақпарат таратқаны ел жадында. Шара адамгершілікті ту еткен тұлғаның өмірін насихаттау, жасөспірімдерді шығармашылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.
Нұрзада Иса, байқау жеңімпазы:
-Өзімнің шығармамды жазар алдында ол кісінің өмірбаянын оқыдып, «Бейсен және Болмыс» кітабын қарадым және де сол кісінің бойындағы қасиетке арнап шығармамды жаздым. Бізге қазіргі жас буынға үлгі тұтарлық кісі деп ойлаймын.
Әміре Әрін, Қазақстанның құрметті журналисі:
-Елдің рухын көтеру жолында жасындай жарқытап өмірден өткен Бейсен Құранбектің өмірін насихаттау ол — жастар тәрбиесіндегі үлкен шаруа. Бейсен өмірден өтсе де, оның рухы оның жалынды ісі «Жаңа Қазақстан» үшін қызмет етіп жатыр деп айтар едім.