«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 6 млрд теңге көлемінде айыппұл салу керек
Мамандар компанияның агломерациялық цехі, кокс–химия өндірісі сынды 8 бірдей полигонын тексеріп, заңнаманың өрсекел бұзылғанына көз жеткізген. Сондай-ақ бірқатар қауіпсіздік талаптарының мүлде орындалмағанын анықтаған.
Дархан Есжанов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
- Барлық тексеру нәтижесі бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Одан бөлек шешілмеген эмиссиялар үшін 2 айыппұл Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына қарауға жіберілді. Сот мәселені қарап жатыр. Біздің есеп бойынша аталған істер үшін айыппұл көлемі 5,8 млрд теңгеден кем болмауы тиіс.
Дмитрий Калмыков, «Қарағанды ЭкоМұражайы» ҚБ даму жөніндегі директоры:
- Компания басшылығы қазан айында зиянды қалдықтар көлемі 247 мың тоннаға артады деді. Енді бұл қалдықтарды 20% төмендеттік деп отыр. Бұл ақылға қонымсыз. Компания басшылығы ылғи да жалған сөйлейді. Қысқасы құлаққа кеспе ілушінің қас шеберлері. Біз қажет болса барлық кемшіліктеріңізді тізіп көрсетіп береміз.