Болашақта медиа саласындағы кейбір мамандар қысқаруы мүмкін
Бұл туралы Орталық Азия медиа форумында сөз болды. IT саласы білгірлерінің айтуынша, қазірдің өзінде өте қысқа уақыттың ішінде сіз үшін электронды кітап жазып, оны тиісті суреттермен безендіретін бағдарламалар бар. Ал келешекте телевизияда түсірілген бейнені өзі өңдеп, мәтін де тере алатын платформалар пайда болмақ. Оның басы жақында ғана жарық көрді. Сұраныс бойынша текст жазып, картина сала алатын бағдарламалар алдағы уақытта одан әрі жетілдіріліп, журналист пен бейне инженердің орнын басуы ғажап емес, - дейді, сарапшылар.
Алексей Драль, IT саласының маманы:
-Бұл нәрсені медиа саласы осыдан 3-4 жыл бұрын тек армандай алатын болса, алдағы жылдары ол қолданысқа енеді. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ жасанды интеллект бірнеше адамның жұмысын қатар істей алғанымен, ол да қателесуі мүмкін. Сондықтан оны қадағалап, тексеріп отыратын мамандар бәрібір керек болады.