Бас прокуратура: Жол салу кезінде 43,5 млрд теңге қолды болды
Шығыс Қазақстан, Абай облыстары халқының жүйкесін әбден тоздырған Қалбатау-Майқапшагай халықаралық тас жолы бірнеше жыл бұрын қайта жаңғыртыла бастаған. Алайда «Қалбатау-Боғас» бөлігіне жауапты мердігер неше жылдан бері өз міндетін орындамай келеді. Сондай-ақ Бас прокуратураның баспасөз қызметі мердігерлер бюджет ақшасын ұрлау үшін құрылыс материалдарына 70 жалған сертификат пайдаланғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қаражатты жымқыру мен ысырап ету, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қаржы мониторингі агенттігі ары қарай тергеу жүргізетін болады.