Хабар телеарнасы

Қарағандыда жүк көлігі майыстырып кеткен магистральды құбыр қалпына келтірілді

Еске салсақ, таңғы сағат 5:30 кезінде бортын көтеріп алған камаз көлігі диаметрі мың миллиметр болатын негізгі құбырды соғып кеткен болатын. Салдарынан қаланың орталық бөлігі шұғыл төмендетілген температураға ауыстырылған еді. Енді көлік иесі айыппұл төлейді. 

Андрей Ляпунов, Коммуналдық компанияның бас директоры:
-Магистарльды құбырды қалпына келтіруге бар болғаны 15 минут уақыт кетті. Қазір құбырдың ақау шыққан аумағын суға толтырып жатырмыз. Шамамен 1-2 сағатта температура көтеріледі.