Хабар телеарнасы

Қарағандыда уланған 14 баланың екеуі емделіп шықты

Қарағандыда уланған 14 баланың тағы екеуі тәуір болып, әлеуметтік қызмет көрсету орталығына оралды. Қазір ауруханада 9 бала ем алып жатыр. Оның 6-уы жансақтау, ал қалған үшеуі нейро-бокстау бөлімінде. «Жағдайлары тұрақты, ешқандай өзгеріс жоқ»,— дейді дәрігерлер. Мамандар балалардан түрлі сынамалар алып, зертханаға жіберген. Әзірге неден уланғаны белгісіз. Тамақтан улануы мүмкін деген әуелгі болжам расталмады. Еске салсақ, аталған орталықта әу баста 14 бала денсаулығына шағымданып, 13-жастағы бала қайтыс болған еді.

Ирина Тасмағамбетова, денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
-Динамикадағы барлық науқастардың жағдайы бірқалыпты. Талдау нәтижелері бойынша барлық ауруханаға түскен науқастарда тамақтан улану жағдайы расталмады. Уланудың нақты себептерін анықтау үшін кеңейтілген зерттеу жүргізілуде.