Бас прокуратуралар жыл бойы атқарған жұмысының есебін шығарды
Салалар бойынша айтсақ экономика, мемлекеттік сатып алу, еңбек, балаларды қорғау, денсаулық сақтау, экология және тағы басқа. Барлық іс бойынша 23 мың тұлға жауапкершілікке тартылған. Оның 60% мемлекеттік қызметшілер. Сондай-ақ заңсыз тексеру мен түрлі шектеулерге ұшыраған 2800 кәсіпкерлің құқығы қорғалыпты.
Тимур Тәшімбаев, ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары:
- Активтерді қайтару және олигополиямен күрес жалғасуда. Арнайы Комиссиямен мемлекетке 631 миллиард теңге қайтарылды. Соның ішінде 400 миллион доллар қылмыстық қудалау шеңберінде шетелден оралды. Олигополия меншігінен 398 мың гектар жер қайтарып алдық. Оның бағасы 6,5 миллиардтан астам теңге тұрады.