Арқалықтағы 18 елді мекеннің 30% ғана ғаламтор желісіне қосылған
Жалпы Қостанай облысының оңтүстік аудандарында интернет жылдамдығы төмен. Әлсіз интернеттің әуре-сарсаңын тартып келе жатқан елді мекендердің бірі «Жаңақала» ауылы. Жергілікті мұғалімдер «Күнделік.кз» толтыру үшін, ұзақ уақыт компютер алдында отыруға мәжбүр.
Тұрсын Байгукин, Жаңақала ауылының әкімі:
-Таң алдындағы уақыттарда ғана тартады. Басқа уақыттарда ешқандай тартыс жоқ. Тіпті ватсап жүйесінің өзімен біз бір-бірімізбен хабарды әрең аламыз. Бухгалтер мен бір маманды осы жерде қойып отырмын амалсыздан. Өйткені жұмысты солай атқаруға тура келіп тұр.
Облыстық ақпараттандыру басқармасының басшысы бұл мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама қабылданғандығын айтады. Екі жылға есептелген бұл жоба жүзеге асқанда Арқалық маңындағы елді мекендердің 66% сапалы интернетпен қамтылмақ.
Азамат Қашиев, облыстық Ақпараттандыру басқармасының басшысы:
-Үш базалық станция салуды ұсындық. Онымен біз Арқалық өңіріндегі 7 ауылды қамтимыз. Жоба 2024 жылға жоспарланған. Қаржылай қолдау болса биыл да аяқтауға болады. Бұл мақсатқа шамамен 310 миллион теңге қажет.