Наурыздан бастап қазақстандықтар өздерін банкрот деп жариялай алады
Біріншісі – соттан тыс банкроттық. Онда берешегі 5 жарым миллион теңгеден аспайтын, кепілсіз несиелер қарастырылады. Екіншісі – сот банкроттығы. Берешек сомасы 5 жарым миллион теңгеден асатын қарыздар сотта қарастырылады. Кепілде мүлкі болса тәркіленіп, саудаға шығарылалды. Үшіншісі – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Яғни борышкерлер сот арқылы берешегін 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады. Алғашқы екі санаттағы борышкерлер 5 жыл бойы несие ала алмайды. Сондай-ақ 7 жыл ішінде қайта банкроттық жариялауға құқы жоқ. Айта кетейік, қазір Алматы қаласы бойынша 214 мың адам несиесін уақытында өтей алмай отыр.
Айдос Будугулов, қалалық МКД берешекпен жұмыс басқармасының басшысы:
-Банкроттық деп танылғаннан кейін бірден борышкердің қарызы жойылмайды. Ол заңды банкрот болды ма, заңсыз болды ма алты ай мерзімдегі процедура сол мақсатта көзделген. Егер осы үш жылдың арасында мүліктер заңсыз түрде шығарылған болса азаматтың атынан онда кері қайтару шаралары не болмаса банкроттық рәсімін тоқтату туралы салдар қарастырылған.