Шығыста 23 фирманың тұрғын үй құрылысымен заңсыз айналысқаны анықталды
Тіпті тұрғын үйдің іргетасы қаланбай тұрып, қаржыны қалтасына басқан. Олардың заң бұзушылыққа жол бергенін сәулет құрылыс саласының сарапшылары мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Құрылыс фирмаларының жетекшілері тұрғындардың ақшасын қайтаруға міндеттелді. Ең бастысы, тұрғын үй алу кезегі сақталуы шарт. Жағдайды облыс әкімінің өзі тікелей бақылауына алды. Айта кетейік, қазір Өскеменде 37 компания 48 көп қабатты үйдің құрылысын жүргізуде.
Инна Валл, облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
-Біз осындай олқылыққа жол бергені үшін құрылыс фирмаларын жауапкершілікке тартамыз. Талапты күшейтеміз. Олар үлескерлердің қаржысын тарту үшін, кепілдік берулері керек.