Хабар телеарнасы

«Жастар Рухы» былтыр мыңнан астам шараны жүзеге асырыпты

Қостанай облысы мен Екібастұздағы төтенше жағдайдың зардабын жоюғада қол ұшын берген. Бұл туралы ұйым өкілдері өздерінің жылдық есебінде мәлімдеді. Оның құрамында қазір 100 мыңнан астам белсенді жас бар. Олар өз жобаларын қоғамның сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып іске асырады. 

Нұржан Жетпісбаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы:
- Жастарға кеңес деген жобамыз бар. Біз үнемі студент жастардың құқығын қорғауға мардымды қадам жасап жатқан ұйымның біріміз. Жатақхананың мәселесі, орынның жетіспеушілігі. Былайша айтқанда бір мыңнан астам шараларды өткізіппіз аймақтарда.