Абай облысында жылқының «Бесқарағай» атты жаңа тұқымы пайда болды
Гендік негізіне байланысты Шойынқара және Байторы деген атау берілген қылқұйрықтылардың ерекшелігі — кез келген ауа райына төзімді, бойы биік, етті әрі сүтті. Тебіндегі айғырлары 700, биелері 600 келіге дейін тартады. Мініске де, жегіске де шыдамды. Селекция жұмысына Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Семейдегі Шәкәрім университетінің ғалымдары атсалысқан. Мамандар жылқының жаңа тұқымын ауыл шаруашылығы саласындағы зор жетістік, тың жаңалық деп бағалап отыр.
Қайрат Исхан, жылқытанушы:
-Бесқарағай типінің ерекшелігі, осы ауданға, орманды жерге бейімделген. Төлді жақсы береді. Омбы қардан өзінің қорегін таба алады. Ірілігімен, салмақтылығымен, бойының биіктігімен, тұқым беруімен ерекшеленеді.