ШҚО-да су тасқынына қарсы жоғарғы дайындық режимі жарияланды
Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі қауіпті аймақтарды бақылауға алды. Су тасып, жағдай ушыға қалса, арнайы құрам мен 200-ден аста мотопомпа және 2 мың тоннаға жуық инертті материал әзір тұр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері де жүзу құралдары мен техникалар дайындығын пысықтап отыр. Қазір әкімшілік мамандары мен құтқарушылар бірігіп, қала мен ауыл аймақ ішіндегі арықтарды тазартып, су көздерін ашып жатыр. Биыл өлкеде жер тоңы жұмсақ болғанмен, қар қалың.
Арман Тоқанов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Су айдындарында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 160 мың текше метрден астам қар шығарған. Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен бар. 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылған, 46-да азайтылды.