Жеңілдетілген автонесие: 761 қазақстандық 18 секундта тіркеліп үлгерген
18 секундта 761 адам. Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алу осылай жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, тиісті функция істен шыққан. Еске салайық, өтінімдерді қабылдау енді тек наурыз айында жалғасады. Бірақ ол кезде 700-ден астам емес, шамамен тек 100 адам ғана өтініш бере алады.
Ринат Ғаппаров, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтінішін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адам болды. Бірақ бағдарламада, сайтта қате болған жоқ. Бұл жолы үлгермеген жандар келесі айда өтініш қалдыруға болады.