ІІМ академиясына қабылдау басталды
Ішкі істер министрлігі тергеуші, криминалист, инспектор, барлаушы және киберқауіпсіздік бойынша ІТ мамандарды оқытуға өтініш қабылдау басталғандығын мәлімдеді. Ведмоствоның 4 академиясы 15 мамандық бойынша қызметкер дайындайды.
Басты талап – үміткер денсаулығы жағынан әскери қызметке жарамды болуы қажет. Сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестен кемінде 50 балл жинауы тиіс. Алтын белгі иегерлері мен «Ұлттық ұланда» қызметін өтегендер конкурссыз қабылданады. Талапкерлердің емтихан тапсыруы биылдан бастап бейнебақылау арқылы көрсетіледі. Ашықтық пен әділдік болуы үшін осындай шешім қабылданыпты.
Оқу, жататын орын мен тамақ тегін. Стипендия беріледі. Бакалавриатты аяқтаған жастар полиция лейтенанты шенін алып шығады және жұмысқа орналастырылады.